
Бүгін 17 қыркүйек Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық технологиялар мектеп лицейі ұжымы «Дүниежүзілік тазалық күні»ЭКО акциясына қатысып,
Б.Момышұлы көшесінің бойын, мектеп ауласын тазалап, сенбілік өткізді.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранды алға тартып, мектеп директоры Г.Тажимбетова өз ұжымымен бірге сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Барлық қызметкерлер белсене қатысып, қаламыздың таза да, көрікті болуына ықпал жасады.Сенбілікте төңіректер тазаланып, арық-атыздар тазаланып, тұрмыстық қоқыстарды «Жасыл Кентау» жшс көліктері көлікке салып алып кетті.Сенбілікке қатысқан барлық қызметкерлерімізге алғысымызды білдіреміз.