КЕНТАУ: «Мұхтар рухы жадымызда» атты шығармашылық кеш өтті

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең биік тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұстаз, кеменгер жазушы, әдебиет зерттеуші, драматург, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, көркем сөздің пірі, қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан ұлы тұлға. 27қыркүйек күні Ә.Науаи атындағы 17 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Мұхтар рухы жадымызда» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мағлұмат беру, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу, құрметтеу, оқушыларды елін сүюге,әдебиетті білуге тәрбиелеу.

Іс шараны Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Шинтемирова Айсулу апай ұйымдастырып, Мухтар Әуэзовтың өмір баяны және шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар Кентау қалалық орталық кітапханашысы Розиметова Фатима интелектуалды сайыс өткізіп, мектеп кітапханашысы Досметова Мархаба кітап көрмеге шолу жасады. Және де іс-шараға оқушылар белсене қатысып кітаптармен танысты. Қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтылып кітап оқуға шақырды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.