КЕНТАУ: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты № 10 жалпы орта мектеп кітапханасында кітапханашылар мен қазақ тілі пән мұғалімі А.Тұрсымбетованың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында 5 қыркүйек — Тілдер күніне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында сөз кезегі мектеп директоры Кадырова Гульжан Дүйсенбайқызына берілді. Сайысқа қатысқалы отырған барша оқушыларға ризашылығын білдіре отырып оларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 8″ә»сынып оқушысы Отаубай Қайсар, І орынды 8″в»сынып сынып оқушысы Сәрсенбай Ж. ІІ орынды 10″ә»сынып оқушысы Темірхан Маржан мен 5″ә»сынып оқушысы Сейілбек Зарина, ІІІ орынды 5″а»сынып оқушылары Ешенова К, Нуржан А, Айсултанова А иеленді. Және де сайысқа қатысқан барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.