КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ӨЗ АУЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МАКЕТІН ҚҰРАСТЫРДЫ

Келес ауданы N49 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Баянбай Мақпал өз ауылының болашақтағы макетін құрастырды. Ауылдың географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып құрастырылған макет жобасы аудандық “Менің кіші Отаным” байқауында үздік жобалардың бірі болып табылды. Білікті тарихшы педагог Боранбаев Рахманбердінің жетекшілігімен жасаған жұмысы жобаны жасауға бірнеше ай жұмсаған:

— Шәкіртім жобаны су көздерінің орны мен жаңадан үйлер салуға бос жер телімдерін ескере отырып жасады.Жобада кішігірім өндіріс орындарын ашып ауылға жастарды тарту қарастырылған. Ауылымызда мақта қабылдау пункті болған. Жас зерттеуші сол жерлерді кәдеге жарату қажеттігін де ескерді. Мұндай жобалар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Білімді жастарды ауылдың дамуына қызмет етуге үндеу,-дейді тарих пәнінің мұғалімі Боранбаев Рахманберді.

Айта кету керек “Менің кіші Отаным” атты республикалық интеллектуалдық конкурсы биыл 5-рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрге айналған конкурстың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру болып табылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.