
Келесі ауданында 33747 оқушы білім алады. Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында. Биыл облысқа бөлінген қаржының 23 млрд.316 млн 899 мың теңгесі Келесі ауданының еншісінде. Бұл туралы Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Сапарұлы Абдиев мәлімдеді.
Оның сөзінше, 2023-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында ауданда кезең-кезеңімен 9 мектептің құрылысын салу жоспарланған.
«Өткен жылы 2 мектеп салынса, ағымдағы жылы осы 2 мектептің (№29 жом, №37 Р.Қошқарбаев жом) құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылына беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 2 жекеменшік мектеп ашылды. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде»,-дейді бөлімінің басшысы Бақтияр Сапарұлы.
Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстағы 7 мектептің жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және оларды мектеп ғимаратының сыртына шығаруға облыстық бюджеттен 111 млн.тнг бөлініп, нақты жұмыстар жүргізілген.
Білім сапасы балабақшадан бастау алады. Осы орайда аудандың білім бөлімінің алдында балабақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр.
«Ауданда 98 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Оның 12-мемлекеттік, 84-жекеменшік, 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды 100 % -ға жеткізу межеленген. Осыған орай, алдағы уақытта бірінші кезекте 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту шаралары қабылдануда.
3-6 жастағы балаларды (5778) қамту – 93,1%;
2-6 жастағы балаларды (8524) қамту -93,8% ды құрады.
Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұған дейін жекеменшік балалабақшаларға бір балаға 25 582 теңге берілген болса, мемлекеттік балабақшаларға 33752 теңге берілген».
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ дейді ауданның бас ұстазы. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады.
«Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап).
Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.
Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстарын бастаймыз».
Келес ауданында 65 орта білім беру ұйымында (63- мемлекеттік, 2-жекеменшік) 3454 оқушы мектеп табалдырығын аттайды.
Жаңа оқу жылынан бастап ауданымызда барлық мектептер бес күндік оқу жүйесі форматына көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады.
Қазіргі таңда, Келес ауданының білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «KELES BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірленуде.
Осы жоспарға сәйкес ауқымды жобалар іске асырылады.
«KELES BILIMI» экожүйесі, яғни білім саласын автоматтандыру және білім сапасын арттыру.
Бұл бағытта жұмысты бастадық. Ағымдағы жылы оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілді.
Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне аудан мекептері 100% тегін қосылды.
Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде.
Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда.
Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Аудан бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 38 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарлануда. Өздеріңіз көріп оырғандай, заманауи кітапхана оқушының тек кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, ізденетін, еркін ойлы қатарластарымен бірге тиімді уақыт өткізетін ортасы болып саналады.
Білім беру ұйымдарындағы кітапханаларда IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтары ашылатын болады.
2022-2023 оқу жылында 2-сыныптың оқулықтары, сондай-ақ жетіспейтін және ескі оқулықтарын жаңарту арқылы толықтыруға, мектеп кітапханаларына көркем әдебиеттер алуға 2022-2023 оқу жылына облыстық бюджеттен 55300 данаға 128 млн 969 мың 204 теңге қаржы бөлінді.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. (63,7%).
Биылғы оқу жылында аудан бойынша жалпы орта мектепті 2097 түлек бітірді. Оның 1516-ы ( 72%) ҰБТ-ға қатысты. Оның 496 оқушысы грант иегері атанды. Бұл 32%-ды құрайды. Мына мектептердің оқушылары 50%-ға жуық оқушылары грантты ұтып алды. Олар: №19 Б.Майлин, №53 Құркелес, №52 С. Бегалин, №23 1 Мамыр, №22 З.Рүстемов, №32 жалпы орта мектептері.
Ендігі жылдан бастап мектептің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлектерінің үлесімен бағаланады.
«Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы біздің басты назарымызда.
Бүгінгі күні ауданымызда 4079 педагогтер жұмыс жасайды.
Жоғарыда аталған стратегиялық жоспар аясында жүзеге асырылатын тағы бір жобамыз «Темірқазық» тірек мектептер деп аталады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарымен бірлесіп ауданымызда 17 тірек мектептер жасақталған болатын. Жоба аясында НИШ мектептерінің әлеуетін 17 тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі.
Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.
Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Биыл ауданда 2 мектеп, 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшылары ротацияланады.
Жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіру керек тұстары да бар. Бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Қамқоршылық кеңестері қайта құрылып, аттестациядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарының басшыларының жетістігін бағалайтын KPI қойылады.
Сондай-ақ пән мұғалімдерінің ассоциациялары ресми құрылып жұмыс жасайтын болады. Аталған ассоциацияларымен жылына екі-үш рет кездесіп, оқу бағдарламаларына қатысты күрделі мәселелерді қарап, ұсыныс пікірлерімен жұмыс жүргізетін боламыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің ауданымызда ұстаздардың орташа жалақысы кезең-кезеңмен өтуде.
Келесі жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да 25 пайызға артады.
Айтуға тиіс жақсы жаңалық, Республикадан арнайы құжаттамалар жасалып, мектеп басшыларының жалақы қорын ұлғайту мәселесі қаралуда.
Келес ауданында «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, жуық іс-шаралар өткізілді.
Аудан бойынша «Бес терек» жобасы іске асырылуда, «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары мен «Ата-аналар қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасауда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасауда, онда 798 оқушы, ал, мектептегі үйірмелерге 13582 жуық оқушы қамтылып отыр.
2022 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында ауданымызға қарасты жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан және үздік оқушылар бюджет қаражаты есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде 1700 оқушы, демеушілердің есебінен 31 оқушы, Келес ауданды бойынша Сапарәлі Селтанов атындағы білім, спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергіліктік кәсіптік одағының есебінен – 100 оқушы, ата-ана есебінен – 1800 оқушы демалып қайтты.