7 қыркүйек 2022 жылы Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық ювеналды полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылының басталуына орай ЮПТ бастығы Ж.Ахметов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, Ататүрік атындағы №4 мектеп лицейі мен Әл-Фараби атындағы №14 мектеп гимназиясының кәмелет жасқа толмаған ұлдары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстың мақсаты құқықбұзушылықтың алдын- алу, мектеп қабырғасындағы тәртіп,көшелер мен жолдарда қауіпсіздік ережелері, күндізгі және түнгі рейдттердің жүргізілуі туралы ақпарат беру. Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын табады.