
Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру, – деді Президент Түркістан жастарына.
Осы мақсатта, Атакент кеніне қарасты мәдениет үйінде «Отанды сүю иманнан» атты тақырыбында жастармен кездесу болып өтті.
Мақсаты: Әркімнің де өсіп-өнетін жері – оның Отаны. Адам туған жерін, Отанын қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс. «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» халық нақылы. Ендеше туған жері мен елін құрметтеу, оның даңқын асыру әрбір азаматтың қастерлі борышы.
Жастарға осы жайында сөз қозғалып, тәрбиелік мән бар асыл сөздермен маржандап қайтты.