МАҚТААРАЛ: «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ»

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында аудандық педагогикалық тамыз кеңесі өтті.

Тамыз кеңесіне Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қадырбекова Анафия Арыстанбайқызы, Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Сарсекбаев Қадір Тұранұлы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тулапұлы және ардагер ұстаздар, кәсіподақ кеңесінің өкілі, мектеп басшылары мен педагогтер қатысты.

Алғашқы сөз алған аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы, кеңеске қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тулапұлы 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасап, жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарлары жөнінде айтып өтті.

Жиын барысында аудан мектептерінің бірқатар ұстаздары жаңа технология мен озық тәжірибе бойынша баяндама жасады.

Ұстаздар үшін тамыз кеңесі ерекше, себебі кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа оқу жылының жаңаша мақсат-міндеттері айқындалды.

Іс-шара соңында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде, білім саласында қол жеткізген жетістіктері үшін бірқатар ұстаздар мен мектеп басшылары «Құрмет грамота», «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.