МАҚТААРАЛ: «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ—нің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы 2022 жылғы 29 қыркүйек күні Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған Дарын мектеп интернатының базасында өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

Байқаудың жұмыс мазмұны 10 бағыттағы номинациялар бойынша өтілді. Олар:

1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру. І орын Мақтаарал ауданы, «Береке» ж о м оқушысы Орынбай Алишер.

2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру. І орын Сарыағаш ауданы, М.Әуезов ат.ІТ мектеп Балтабай Нүркен. 3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру. І орын Байдібек ауданы, М. Әуезов ат. ІТ метеп оқушысы Досалы Дінмұхаммед.

4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру. І орын иегері Сарыағаш ауданы, N9 Майлықожа ж. о. м мектеп оқушысы Останов Достан.

5) су көлік саласындағы техника. І орын иегері Созақ ауданы, Ә. Науайи ат. ж. о. м оқушысы Юлдаш Мөлдір.

6) құрылыс облысындағы жобалар. Сарыағаш ауданы, N3 Ломаносов ат. ж. о. м оқушысы Жорабек Зайнап.

7) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар. І орын Ордабасы ауданы, М. Исманқұлов ат. мектеп оқушысы Бердіқұл Нұрзат.

авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер. І орын Созақ ауданы, Н. фТөреқұлов ат.мектеп оқушысы Мадияр Марлен.

9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру. І орын Байдібек ауданы, «Қосбұлақ» ат. мектеп оқушысы Сағындық Олжас. 10.Компьютерлік графика және 3D модельдеу — компьютерлік графикада 3D модельдеуді құру, модельді 3D принтерде басып шығару. І орын Созақ ауданы, А. Иманов ат. мектеп оқушысы Темірбек Елнұр.

Жоба жұмыстары зерттеп отырған мәселенің актуалдылығы, жүргізген зерттеудің көлемі, зерттеу әдістерінің тиімділігі, зерттеу тақырыбы, зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, демонстарциялық материалды түсіндіру кезіндегі шешендік өнері критерийлері бойынша бағаланады. Байқауға қатысқан оқушыларға сертификат, жеіңімпаздарға Алғыс хат, ақшалай сыйлық табысталды. Әр номинация бойынша І орын иегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-нің ұйымдастыруымен өтетін Республикалық онлайн байқауға қатысып облысымыздың намысын қорғайды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Hi there! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I’m trying to get my website to rank for some targeted keywords
    but I’m not seeing very good success. If you know of any please share.
    Appreciate it! You can read similar blog here: GSA Verified List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.