
Аудандық кітапхана оқу залында, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, кітапхананың жас оқырмандарының қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыбында әдеби кеш өтті. Кештің барысында кітапханашы Құдайбергенова Сымбат оқырмандарға «Тәуелсіздік — тәңір берген тәтті сый» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, баяндама оқыды, кейіннен жас оқырмандарымыз патриоттық өлеңдер оқыды.