
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2022 жылғы 02 қыркүйек күні жолданған √672 шығыс хатын орындау мақсатында «Ж. Нұрлыбаев атындағы 49 ЖОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өзін — өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу мақсатында мұғалімдер күніне орай ағымдағы жылдың 4 қазан күні «Дублер күні» жоғары дәрежеде өтілді. Оқушылар осы бір күнде дублер маманы болып ұстаздық қызметтің қадірін, балаларға білім берудің оңай еместігін түсінді.