МАҚТААРАЛ: «ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАҢ ТАЛАБЫ!» атты тақырыптық жиын өтті

Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық аграрлық колледжінде құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып өз еріктерімен салыстыра білуге баулу мақсатында «Заңды білу — заң талабы!» атты тақырыптық жиын өтті.

Жиынға Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ювенальды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гулиев Теймур қатысты. Жиын барысында Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді және жастарды заңның негізгі принциптерін меңгере білуге үйрету қажет екені жан-жақты түсіндірілді. «Оқушылар арасында құқық бұзушылығын алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау» тақырыбында Абдикалиев Ұлукбек баяндама оқыды.

Жиын соңында «Ситуациялық жағдаяттар», «Не байқадым, не білдім?» атты ойын өткізілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.