МАҚТААРАЛ: «КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы!

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйегінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйымдастырған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» бір айлық облыстық қайырымдылық акциясы өткізілуде!

Акцияға Мақтаарал ауданының біршама лауазымды тұлғалары, соның ішінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Е.Надиров та ат салысып, мектептердің кітап қорын заманауи басылымдармен толықтыру мақсатында Мақтаарал ауданы, Алғабас ауылында орналасқан «Береке» жалпы орта мектебінің кітапханасына кітаптар сыйлап, өз үлесін қосты!

«Бүгінгі ұрпақ — еліміздің болашағы, ал болашағымыз жарқын әрі кемел болуы үшін, балаларымыз кітаптар оқып, білімді болуы керек!» — дей келе, Мақтаарал АПБ басшылығы және жеке құрамы баршаңызды Акцияға қатысуға шақырады!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.