МАҚТААРАЛ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

“Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” Қоғамдық бірлестігінің 10.08.2022 жылғы №88 хаты мен Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 03.08.2022 жылғы №16/08-04/143 санды хаттары негізінде аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 18-19 тамыз күндері «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына мектепке қажетті мектеп сумкасы мен құрал-жабдықтар табысталды.

Жалпы саны 2 кент және 9 ауылдық округтарда орналасқан білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына мектепке қажетті мектеп сумкасы мен құрал-жабдықтарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Атқару комитетінің мүшелері және мектеп директорлары мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыстады.

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, бізге қолдау көрсеткен барша негізгі және жалпы орта мектептердің директорлары мен әлеуметтік педагогтарына аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз! Кәсіподақтың күші бірлікте!

(с) Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.