
Мектебімізде ағылышын тілі апталығы жалғасуда. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қолдасбаева Құндыз 5 «Ә» сыныбына «Families» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:
—Сөздік қорды отбасы, туыстық атауларымен молайту;
—Оқушыларды топтастыру арқылы ұжымдық әрекетке баулу;
—Ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру;
—Жасампаздыққа тәрбиелеу
Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ барысында алдыңғы сабақтарда өтілген «There is/are» құрылымына және «a,an» артикльдеріне байланысты тапсырмаларды балалар ат салыса орындады. Сабақ соңында барлығы «Сабақ ұнады, барлығын түсіндім» деген кері байланыс берді.