МАҚТААРАЛ: М. Өтемісұлы атындағы № 28 жалпы орта мектебіне «Дублер күні» жалпы аудан көлемінде мектептерде бір күнде ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының № 15-53/328 шығыс хатына сәйкес Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 15.09.2022 жылғы №59 шығыс хатқа сәйкес, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту білім бөлімінің әдіскері С. Сүлейменованың қатысуымен М. Өтемісұлы атындағы № 28 жалпы орта мектебіне қазан айының 4 жұлдызында «Дублер күні» жалпы аудан көлемінде мектептерде бір күнде ұйымдастырылып өткізілді. Мақтаарал ауданындағы мектепішілік өзін — өзі басқару және мектеп Парламенті ұйымының жұмыстарын көрсетті. Мектептің мектепшілік аға тәлімгері Үмбетова Гүлайнаның және мектеп президенті Мұрат Асылжанның ұйымдастыруымен мектепте іс-шара өтті. Іс-шараға мектептерде мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының және мектептегі пән мұғалімдерінің орындарымен алмаса отырып, бір мезетте ұстаздық қызметті атқарды. Іс-шара барысында Парламент мүшелерінің ұстаздардың орнына бір күндік ұстаз бола білгендіктерін жоғары деп бағалады.Ұстаздар мен оқушылар өзінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылармен ашық сұхбат жүргізе отырып, болашақ маман иесі болуға ізгі тілектерін білдірді. Өзін –өзі басқару жүйесі бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жоспарлануда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

452 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.