МАҚТААРАЛ: Қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауыл тұрғындары мен жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 Мақтаарал аудандық прокуратура қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі, ауыл әкімі, ауыл имамының қатысуымен қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауыл тұрғындары мен жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Ең бірінші отбасындағы бала тәрбиесі мен жасөспірімнің араласатын ортасының үлкен әсері болады. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың негізгі түрі – ұрлық. Одан бөлек төбелес, қарақшылық және ішімдік ішу, есірткі тұтыну жатады. Біз мектептер мен орта білім мекемелерінде құқықбұзушылық пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында дәрістер оқимыз. Күнделікті профилактикалық іс-шаралар өткізіп отырамыз. Әңгімелер жүргіземіз. Сонымен қатар эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық нормаға сай онлайн форматта да дәрістер оқып жүрміз. Және де ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың сабаққа қатысуын, тәртібін қадағалаймыз. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасөсіпірімдермен ашық сөйлесіп, полиция қызметкерлері тек қана жауапкершілікке тартумен ғана емес, сонымен қатар жасөспірімнің құқығын қорғау мақсатында жұмыс жасайтындығын түсіндіреміз.

Егер жасөспірім сабаққа қатыспаған жағдайда, себепсіз 10 күннен артық босататын болса, оқушылардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабы бойынша іс құжат жиналып, сотқа жөнелтіледі. Содан кейін сот өзі шешім қабылдайтын болады. Ал егер түнгі сағат 22.00-ден кейін жасөспірім ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрларда заңды өкілінсіз жүретін болса, онда ол жасөспірімнің заңды өкіліне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 142 бабы 1 бөлігі бойынша 3 АЕК көлемінде айыпппұл салынады. Егер жасөсіпірім ішімдік ішіп, ұсталған жағдайда заңды өкіліне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің заңды 440 бабы бойынша әкішілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жасөсіпірім қандай да бір құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңды өкілі жауапты болады. Себебі бала кәмелеттік жасқа толмаған. Қылмыстық жауапкершілікке кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірім 14 жастан, ал әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап өзі жауапты болады,- дейді мамандар.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.