МАҚТААРАЛ: «ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ.

Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының аудандық кезеңі 2022 жылдың 23 қыркүйек күні Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілді. Байқау бірнеше номинациялар бойынша өтіп, білім алушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар алға суырылып шықты. «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласында техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Береке» жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Орынбайұлы Алишер, «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Мұхтаров Сұлтанмұрат, «Ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтар саласында техникалық құрастыру» номинациясы бойынша М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Пардабай Бекзат, «Су көлік саласында техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мыңбосын Аслан, «Құрылыс саласындағы модельдер» номинациясы бойынша Абылайхан атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Сатыбалды Рамазан аудандық кезеңде жүлделі бірінші орындарға ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Байқау жоғары деңгейде өткізілді. Оқушыларымызға инновациялық жаңашыл идеялар байқауында сәттілік тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.