
Мектебімізде мұғалімдер күніне орай «Ұстаз бақыты — шәкірт құрметі» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке зейнеткер ұстаздарымыз Орынбекова Назира, Сариева Гүлжан, Абаева Ұлбосын апайлар қатысып, мұғалімдер мен оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!