
1 — қазан Қарттар мерекесіне орай Жамбыл ауылдық окрунінде «Қамқорлық» акциясы ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен болып өтті! Қайырымдылық істер марафонына жастар, ерікті жастар, аудан тұрғындары белсенді түрде үлкес қосты. Біз бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты Сұлтанова Малика апайымыздың үйіне барып қолғабыс жасап, мерекесімен құтықтап қайтты жастар. Іс-шара барысында Жалғысбасты қарт адамдардың үй-жайларын тазалау жұмыстарына оқушылар ынта-жігерлерімен қатысты. Біздің негізгі мақсатымыз – көмекке мұқтаж қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру. Мұндай адамдарға әсіресе қар тазалау, су тасу сынды күнделікті өмірде атқарылатын, бірақ белгілі бір күш жұмсауды қажет ететін жұмыстарды атқару қиынға түседі. Меніңше көмектің үлкен-кішісі жоқ. Біреуге болмашы болынып көрінетін мәселе екінші адам үшін өте маңызды болуы мүмкін. Үнемі көмек көрсетілетін қарт адамдардың тізімі бар. Қыста олардың ауласын қардан тазартсақ, жазда арам шөбін жұламыз. Отынын жарып, үйіп береміз. Біз сөзбан айтқанда қолдан келгенше көмектесеміз. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесеміз. Арасында азық-түлік дүкені, дәріхана сынды нысандарға өз күшімен жете алмайтындар бар. Олар бізге телефон арқылы өтініш тастайды. Біз ол кісілердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмай, орындаймыз. Ниетіміз – аз да болса көңілдерін аулап, қуаныш сыйлау. Қарт адамдар соған да қуанып қалады. Рахмет айтып, кейда дастарханын жайып, шай беріп шығарып салатындар да бар. Өкініштісі, бүгінгі қоғамда жалғызбасты қариялар көп. Көпшілігі өзге ұлт өкілдері. Қазбалап сұрамаймын. Көбі балалары барын, бірақ басқа қалада тұратынын айтып, оларды ақтамақ болады. Сондай адамдарға жаным ащиды. Балаларының бұл әрекеті мен үшін мүлде түсініксіз. Ата-анасын жалғыз тастап кететіндерді түсіне алмай келемін. Халқымыздың қарияны қаңғыртпайтын, жетімін жылатпайтын ұлт екеніне қуанамын. Тек уақыт ете келе бұл қағиданың кей адамдар үшін мәнін жоғалта бастағаны өкінішті.