МАҚТААРАЛ: 1 қазан – «Қарттар күні» және «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен 05 қазан күні сағат 12:00-де 1 қазан – Қарттар күні және «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Қос мерекеге орай іс-шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мамиров Ойрат Маратұлы, Джурумбетова Улжанат Серікбайқызы, Қанаев Жарқынбек Ережепұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ердешов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, ардагер ұстаздар мен БАҚ өкілдері, ауданымыздың ұлағатты ұстаздары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында білім беру саласында толағай табыстарға кенелген ұлағатты ұстаздарымыз облыс және аудан деңгейіндегі марапаттармен мараппатталды.

Сонымен қатар Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынуымен Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хатымен — №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының директоры А.Ниязбеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен – С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Адеханов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының алғыс хатымен — №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің директоры А.Ахментаева мен С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Айтынбетов.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен – С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Бабаев, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері – Ж.Байтілеуова, С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Ташимов.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Құрмет грамотасымен» — М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры – Ж.Айнабекова, №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.Сатыбалдиева, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Н.Катешов, Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы П.Кобенов.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Алғыс хатымен» — №32 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Суттибаева, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Амантаев, «Бибайша» бала бақшасының әдіскері – Б.Әбсенова, Батыржан бөбекжай бала бақшасының құрылтайшысы – Т.Юнусова марапатталды.

Іс-шараға қатысқан ардагер ұстаздарымызға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлықтары табысталды.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, іс-шараға қатысқан қонақтар мен ұлағатты ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.