МАҚТААРАЛ “Мұғалімдер мерекесіне” орай мұғалім-дублер сабағы өткізілді

Мақсаты: Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.

Мектебіміздің “Білім беру ісінің үздігі” Килибаева Ұлбосын апайымыздың ең білгір, алғыр 11 “Ә” сынып оқушысы өзінің инициативасы бойынша ұстазының сабағын өтуге рұқсат алды. Мектеп ұстаздары ішкі тәртіп ережесін сақтай отырып, бақылаушы ретінде “мұғалім-дублер” сабағына қатысты. Дублер 8 “Ә” сыныбында өткен сабағының тақырыбы “Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері” деп аталады. Сабақ басталысымен үдерісті дублер ерекше атмосферамен бастап, “Ұстаздан шәкірт озар” дегендей, оқушыларды өзіне керемет баурап алды. Оқыту мен оқу үдерісінде түрлі технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Ерекшелігі бұл әдіс-тәсілдер өте тиімді болды, әсіресе “Диаграммалық бағалау” сәтті шықты. Дублер-мұғалімнің оқушы бола тұра жоғарғы деңгейде сабақ өткізуі — бұл оқушының ұстазына деген ерекше ықыласы, сүйіспеншілігі, ққрметі және ұстазына еліктеуі, оның сенімін ақтауға тырысуы деп түсіндік. Мұндай ерекше іс-шараны өткізуге басшылық жасаған мектеп тәлімгері Мырзабекова Гүлдерай апайымызға рақметіміз шексіз. Мұндай іс-шараларды оқыту үдерісімен байланыстырып өткізу, шын мәнінде балалардың бойында жасырынып жатқан қасиеттерді жан-жақты, әр-түрлі қырынан ашуға көмектесетініне көзіміз анық жетті.

Бақылаушы ұстаздарға, дублер-мұғалімге және ұйымдастыруға атсалысқан тәлімгер Мырзабекова Гүлдерай Әмірханқызына шығармашылық табыс тілейміз. Ұжымды “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтаймыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 089 Comments

  1. I see You’re truly a excellent webmaster. The web site loading speed is incredible.
    It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
    In addition, the contents are masterpiece. you
    have performed a fantastic task in this
    topic! Similar here: najtańszy sklep and also here:
    Dobry sklep