Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №36 жалпы орта мектебінде 03.10.2022ж күні «Love, enjoy and explore English in New Normal» атты ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына 4-10 сынып оқушылары қатысты. Апталықтың ашылуында 7-8 сынып оқушылары сахналық көріністерін көрсетіп белсенділік танытты. 4 сынып оқушылары ағылшын тіліндегі әндерін орындап өз шеберліктерін көрсете білді. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс сабақтар өткізуді жоспарлап отыр. Сәттілік тілейміз!