Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп — гимназиясында жоспарға сәйкес 1 қазан — қарттар күніне орай «Ата — әже байлығым»атты 1-4 сыныптар арасында суреттер байқауы болып өтті. Барлық суреттерді қарап, қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысқан оқушыларға жүлделі орындар берді. Оқушылардың суреттері көпшіліктің көңіл-күйлерін көтерді.