
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп — гимназиясында жоспарға сәйкес 1 қазан — қарттар күніне орай «Қарттарым аман жүрсінші» тақырыбында 8 «В» сынып жетекшісі Қожахметова Баян оқушыларымен бірге ардагер ұстазымыз Пірназарова Ұлдар апайдың үйіне барып құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп қайтты. Риза болған ұстазымыз балаларға алғыс айтып, батасын берді. Оқушылар өздерінің өлең — шумақтарын оқып, ардагер ұстазымызды қуантты.