Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп — гимназиясында жоспарға сәйкес 1 қазан — қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында 4 «В» сынып жетекшісі Налибаева У ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатта үлкенге құрмет көрсету, ата- әжелерге қамқор болу туралы кеңінен түсінік берілді. Оқушылар қарияларға арнап өлең оқыды, ән айтты. Тәрбие сағатына ДТІЖО М.Досмугамбетова қатысып, мерекелік тілегін айтты.