МАҚТААРАЛ: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыпта іс — шара өткізілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп — гимназиясында жоспарға сәйкес 1 қазан — қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыпта ДТІЖО М.Досмугамбетова, «Зерде» шаңырағымен бірлесіп мерекелік іс — шара өткізді. Іс — шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары, ата-аналар комитетінің төрағасы: А.Худайкулов, зейнеткер ұстаздарымыз Карабашева М.С, Баймаханова Ш, Саржанова Г, Горшкова Л, Суйндикова Райхан апайларымыз шақырылды. Іс — шара барысында «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші ардагер ұстаздарымыз оқушыларға бата беріп, ізгі ниет — тілектерін білдірді. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Өз кезегінде мектеп оқушылары да ардагерлерімізді құттықтап, өлең- жырларын айтып, ән орындады. Ардагер ұстаздарымыз өздерінің ұстаздық кездерін еске алып, осындай шараны ұйымдастырған «Зерде»шаңырағы мен мектеп ұжымына алғыс білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.