Мақтаарал ауданында 2021-2022 жылдары жалпы инвестиция көлемі 10,8 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады

Мақтаарал ауданында 2021-2022 жылдары 308 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жалпы инвестиция көлемі 10,8 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады.


Оның бірі жылына 10 000 тонна мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і. Өндіріс орны Германия мемлекетімен бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2022 жылдары іске қосылмақ. Онда 74 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ауданда мақта майын өндіретін жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен жобасы жүзеге асады. Өндіріс орны ағымдағы жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы жылына 2,9 мың тонна май, 14 000 тонна шрот шығару, онда 48 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2024 жылдары жүзеге асады. Жобаның қуаттылығы жылына 6 600 тонна жіп өндіру. Бұдан өзге, жалпы құны 209 млн теңгені құрайтын «ЕL-KZ 2020» ЖШС-і темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытты 2021-2022 жылдары іске қосуды жоспарлауда. Және де ауданда «Инженерная арена» ЖШС-і Малайзия мемлекетімен бірлескен қуаттылығы 4,95 МВт электр энергиясын өндіретін станциясы 2021 жылы салынады.

«Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 4 айында жалпы ішкі өнім көлемі 15,1 млрд теңгені құраса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5% артқан. Аудан бойынша биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,5 млрд теңгені құрап отыр. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2021 жылдың 4 айында 4,5 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы — 431,1 млн теңге, мал шаруашылығы — 4,1 млрд теңге», — деді Бақыт Насырханұлы.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.