ОБЛЫСТА ПЕРЗЕНТХАНАЛАР САНЫ АРТПАҚ

«Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында 2022 жылы 11 медициналық тірек құрылысын жүргізілді. Тарқатып айтар болсақ: Сарыағашта-1, Сайрамда-1, Қазығұртта-1, Келесте-2, Төлебиде-2, Мақтааралда-4. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда әлде қайда көп. Себебі, 2021 жылы 1 ғана медициналық тірек салынған болатын. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының берген мәлімдемесі осындай.  «Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 11 нысан бойынша да аяқталып, халық игілігіне берілді» делінген мәлімдемеде.

 Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарының тізімінде облыстағы ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу де бар. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында  4-фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы жүргізілді. Ғимараттарды санитарлық талаптарға сәйкестендіру мақсатында басқармаға қарасты 5-ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары өтті.

Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілер тарапынан (КАТКО қорынан) Түркістан қаласындағы 25 бригадаға арналған жедел жәрдем стациясының  құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын.

Шардара ауданында ауысымына 150 адам қабылдайтын құрамында жедел жәрдем станциясымен қалалық емхана құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, 2022 жылы Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетуде.

Түркістан қаласында «H.H.Sheikh Mohamed Bin Zayad Al Nahyan» атындағы 80 төсек-орындық перзентхана құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп сараптамаға жіберілгені белгілі.  

5 АУДАНДА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМ ЖОҒАРЫ

Өңіріміз туу көрсеткіші ең жоғары өңір болып есептеледі.  Демографиялық  өсімге облыстың оңтүстігіндегі Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандары өз үлестерін қосуда.

 Естеріңізге сала кетейкі, 2021 жылғы көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 31,9-ды құраған.  Осыған орай, облыстың түкпір-түкпірінде перзентхана салу қолға алынды.

«Сарығаш ауданында ІІІ деңгейлі босандыру қызметін ұйымдастыру мақсатында және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында перинаталдық орталығы бар медициналық кешен құрылысын жүргізу жоспарланды. Сонымен қатар, демеуші есебінен Сарыағаш қаласында 100 төсек-орынға арналған оңалту орталығы бар инсульт орталығын салу жоспарлануда. Жобаның құрылысын іске асыру үшін 4,0 га жер телімі анықталды. Бұдан бөлек, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында ІІІ деңгейлі босандыру қызметін ұйымдастыру мақсатында 200  төсек-орынға арналған перинаталдық орталық құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, осы жобаның құрылысын жүргізу үшін 6,0 га жер телімін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді», — делінген  Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.  Одан бөлек жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш ауданынан ауысымына 25 адам қабылдайтын 3 — дәрігерлік амбулатория, ДА Қарақалпақ, ДА Жаңатұрмыс, ДА Жоңарық, Отырар ауданында ауысымына 25 адам қабылдайтын ДА Талапты және Қазығұрт ауданында ФАП Жаңабазар құрылысы басталды. Құрылыс кезені 2023-2024 жылдарға көзделген.

Айта кетейік, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданы Игілік ауылында ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілді.

Құрылыс кезеңі 2023-2024 жылдары.  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында 2 — ФАП, Ордабасы ауданында 5 — ФАП, Түлкібас ауданында 4 — ФАП құрылыстары басталды.

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ауыл халқы тұрғындарының денсаулығына басымдық беріліп, ауыл тұрғындарына профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізіліпті. 13 жылжымалы кешен (1 КАМАЗ, 12 автобус) 325 шалғай ауылдық елдімекенде тұратын халыққа медициналық қызмет көрсетті. Жылжымалы медициналық кешенмен жыл басынан 434 070 халық медициналық көмекпен қамтылыпты.

190 МАМАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН

Кадрлық әлеуетті нығайту бойынша 2022 жылы
1 663 маманды оқыту жоспарланған.

Бүгінгі таңда Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты медициналық ұйымдардан 11 айда 2 140, оның ішінде 838 дәрігер, 1302 орта буын маман оқытылды.

2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен
190 дәрігер маманы Түркістан облысына жолданды, оның ішінде 113 дәрігер басқармаға қарасты медициналық ұйымдарға жолданып, оның ішінде 33 маман жұмысқа орналасты, қалған 77 дәрігер жеке меншік ұйымдардан жұмыс тапты.

Covid-19 пандемиясы басталған кезеңнен бастап Түркістан облысы бойынша барлығы – 19 238, 2022 жылдың басынан – 3458 жағдай тіркелген. Қазіргі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2021 жылдың ақпан айынан бастап, коронавирустық инфекцияға қарсы Түркістан облысында жалпы  І-компонентпен – 1 297 070 адам, ІІ-компонентпен – 1 294 816 адам егілді.

Облыста PFIZER компаниясының «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялау 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап: 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-36 апта мерзімдегі жүкті әйелдерге және лактация кезеңіндегі аналарға коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасы егілуде.

Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асуда.
І компонентпен – 248 136 адам, 2 – компонентпен –
245 873 адам егілді.

2021 жылдың 22 қарашасынан бастап ревакцинация бойынша 816 014 адам егілді.

2022 жылдан бастап қайта вакцинация жүргізілуде – 3 262 , 2022 жылдың 25 мамыр айынан бастап қайта ревакцинациядан – 158 612 адам өтті.

Басқарманың атқарған жұмыстары көңіл көншітерлік. Алға қойған жоспарлары да аз емес. Мұның бәрі де өңір тұрғындары үшін қолға алынған шаралар  екені белгілі.

«Anyq.kz» — ақпарат

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.