Облысымызда робототехника сыныптары жүйелі жұмыс атқаруда.
Атап айтсақ: 2022 жылғы 21 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ғылымға, робототехниканы оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында «Наурыз кездесулері» байқауы аясында республикалық «Титандар шайқасы» байқауы өткізілді.
Аталған байқауға 7 аудан, қалалардан (Кентау, Түркістан, Отырар, Бәйдібек, Созақ, Ордабасы, Сауран) (8 мектеп арасынан) 8 жетекші, 8-10 сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес командалар 8 топқа бөлініп, әр топта 1 жетекшімен 2 оқушыдан бақ сынасты.
Байқаудың жеңімпаздары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымының арнайы мақтау қағаздарымен сертификатталды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 6 мамырда басқарма және Кентау қаласы Қазақ-неміс политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында «Робототехника» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты — Робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқауға 2 (екі) адамнан аспайтын команда және бір ғылыми жетекші қатысты. Қатысушылардың бір оқушы роботты жинап, оны басқарады, ал екінші оқушы ноутбукпен программасын жасайды.
Байқау нәтижесі бойынша жалпы саны 16 аудан, 8 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 52 оқушы қатысты.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері басқармаға бағынысты облыстық «Дарын» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, мақтау қағаздарымен және Кентау қаласы «Қазақ-неміс политехникалық колледжіінің ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
2022 жыл — «Балалар жылы» аясында «КазРоботикс» федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «КазРобоСпорт-2022» чемпионатының облыстық кезеңі 2022 жылғы 13 маусымда Төлеби ауданы «Балдаурен» сауықтыру орталығының базасында өткізілді.
Байқау — ережеге сәйкес «Мини сумо», «Биатлон» және «Кегельринг» категориялар бойынша өткізілді.
Байқаудың іріктеу кезеңіне облыстан 10 — 18 жас аралығындағы 60 оқушы қатысты. ( командалар саны – 30, әр команда да 2 оқушыдан). Жеңімпаз командалар «КазРоботикс» Федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан дипломдармен марапатталды.
Ереженің 3 категориясына сәйкес 8 оқушы I-орынды иеленді. І – орынды иеленген оқушыларға 2022 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама берілді.