ОБЛЫСТЫҢ БАС ҰСТАЗЫ БӘЙДІБЕКТЕГІ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ

Түркістан облысының БАС ҰСТАЗЫ Дінислам Болатханұлы Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрды. Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Құлымбет Ақбала Аманбайқызымен ұстаздармен кездесіп, мектебіміздің тыныс тіршілігімен танысты.

Сынып бөлмелері мен жаңа спорт зал кешенін аралап, робототехника оқу дәрісханасында оқушылардың жаңа жобаларымен танысып, оқушылардың зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің куәсі болды. Мектеп ұстаздарымен сұхбаттасып, білім беру процесінің қыр-сыры жайында әңгімелесті. . «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші, ұстаздардың әдістемелік құзыреттерін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуға жасалған арнайы дәрісхананы ерекше атап өтті.

Облысымыздың бас ұстазы: Мұғалім тұрақты түрде өзінің біліктілігін,құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сол кезде оның айналасындағы балалардың үйренері мол болады.Мұғалім шын мәнінде шебер болса, оның абырой — беделі де жоғары болатынын айта келе, биылғы оқу жылында ұстаздарға жігер беретін сөздер айтып, толағай табыс тіледі.

Бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген қара шаңырақ мектебіміздің басшысы Бейсенова Толқын Ибатбекқызының үздік жұмысының және ұстаздарымыздың адал еңбегінің нәтижесі ұжымды биік белестерге жетелейді!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.