ОРДАБАСЫ: МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

2022-2023 жаңа оқу жылының 1-қыркүйек «Білім күні» Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағамбетқызының басшылығымен Бадам елді мекенінде орналасқан Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шара 9-11 сынып оқушыларынан құрылған «Асылым» би тобының «Сылқылдақ» биімен басталды. Жүргізушілер келген қонақтармен таныстырып өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Ордабасы ауданының әкімі Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы жиынды ашып, «Балалар жылында» Жаңа Қазақстанның тағы бір жаңа 200 орындық мектеп ғимаратының ашылуымен, жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құанабайұлы, Бадам ауыл округі әкімі, әкімідік қызметкерлері қатысты. Ауыл ақсақалы, қоғам белсендісі Абжалов Сералы Оразалыұлы ел қуанышымен бөлісіп, ұрпақтың болашағы үшін қызмет ететін қазақ елінің мақтанышы қазақ күресінің дүлділі күш атасы Қажымұқан атындағы білім ордасының ашылғанына шын қуанышын білдірді. 11-сынып оқушысы Абай Қуаныштың орындауында «Өз елім» әні шырқалды. Мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары Есіркеп Айзере және Сайлаубек Ахмад мектептің алғашқы қоңырауын соғып, мектепке, білімге шақырды. «Оser-A Qroup» ЖШC құрылыс компаниясының директоры Әлі Нұрлан Ғаниұлы мектеп директоры Валиев Абай Тәжіханұлына мектеп кілтін табыстады. Аудан әкімі Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы, ауыл ақсақалы Абжалов Сералы Оразалыұлы және зейнеткер ұстаз Тасболатов Сейтхан лента қиып, мектеп ішін аралауға бастады. Мектептің арнайы пән кабинеттерімен, асхана, кітапхана, спорт залымен танысты.

Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттарында мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы, сонымен қатар Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын, құндылығы туралы түсіндірілді. Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға шақырды. Отаншылдық қасиет — табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, ауылына, көшеге, үйге, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау екендігі түсіндірілді. Тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқушыларға өмір қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.