ОРДАБАСЫ: 700-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА КЕРЕК-ЖАРАҒЫН АЛЫП БЕРДІ

Ордабасы ауданы әкімі Нурбек Бадыраковтың бақылауымен,Нұрабаева Шұға ханымның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында 700-ге жуық балаға демеушілер есебінен аз қамтылған отбасының балаларына мектепке керек киім-кешекпен керек-жарақтар үлестірілді.Бұл мемлекет есебінен берілген 35 мың шамасындағы қаржыдан бөлек екенін ескеру керек. Аудан әкімімен аудандық маслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына ыстық лебіздерін жеткізді. Әрине, акция соңында концерттік бағдарлама қойылып, естелік суретке түсті. Әрине, мұндай демеушілер есебінен барлық өңірлерде өтіп жатқан болар. Бірақ, маған ерекше ұнағаны демеушілер өз есімдерін көрсетпеуді өтініпті. Әйтпесе, біреуге бірнәрсе бергенін күніне «1045» рет айтып жүрген «демеушілер» жетерлік қой. Ордабасының жасырын демеушілеріне шын риза боласын. Айтқандай, сыртқа шыққан соң, Ордабасы Аудандық Білім Бөліміның басшысы Нұрабаева Шұға ханымға да осыны қайырымдылық акциясына қатысқан ата-аналар рахметін жаудырып жатқанын көз көрді. Ата-аналардың алғысын алған Нұрабаева ханым енді ротацияны тездетсе екен! Әйтпесе, Ордабасы ауданында 15 жылдан көп бір мектепті басқарып отырған директорлар бар!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Thanks for finally writing about > ОРДАБАСЫ:
    700-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА КЕРЕК-ЖАРАҒЫН
    АЛЫП БЕРДІ — Anyq.kz < Loved it!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.