Ордабасыда мектеп жәрмеңкесі өтті

Ордабасы ауданының орталығындағы 22 тамыз күні «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтті. Таңғы сағат: 8.00-де басталған жәрмеңкеге аудан тұрғындарына сағат 16-ға дейін қызметкөрсетті. Шымкент қаласының 60-қа жуық кәсіпкерлер келіп мектеп формаларын, спорттық киімдер, оқу құралдары және де басқа жабдықтарды 15-20%-ға дейін жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада сатылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жәрмеңкеде мектепке қажетті құралдар мен формаларды төмен бағада жеңілдікпен сатуды ұйымдастырушыларға аудан тұрғындары алғыстарын білдіруде. Ордабасы ауданы әкімдігінің және Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.