Ордабасы: «Білім саласында педагогтардың жұмысқа орналасу қағидалары» атта семинар өтті

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті, «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының үлкен залында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен аудандық семинар өткізді. Семинарда Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Шербаев «Білім саласында педагогтардың жұмысқа орналасу қағидалары» және «Педагогтардың біліктілік санаттарын беру туралы», Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас экономисі А.Зубайраева «Жаңа оқу жылының І жарты жылдығында тарификацияны бекіту туралы» баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар семинарда комитет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек білім саласы қызметкерлерінің міндетті және мерзімдік медициналық қарап тексерулерден өту тәртібі мен халықтың декреттелген тобындағы адамдарды оқыту қағидаларымен таныстырды.

Семинар барысында комитет төрағасы Қ.Төлебаев Ордабасы ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің арасында жасалған екі жақты келісім мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуына тоқталып, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.