Ордабасы:«Жас педагогтардың кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту» қажет

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімініне қарасты 2022 жылдың 10 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің арасындағы жас мамандар мен біліктілік санаты жоқ мұғаімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Г.Молжігіт «Жас педагогтардың кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының базасында аудандық оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында Г.Молжігіт бастауыш сынып пәндерін оқыту ерекшеліктеріне тоқсалса, «Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми жобаға жазуға үйрету» тақырыбында Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Маханова, Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ордабекова Э «Оқу мақсатына негізделген сапалы сабақ жоспарын құру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, практикалық жұмыстар жүргізді. Семинар соңында оқу — тәрбие жұмыстары бойынша жас ұстаздармен сұрақтары бойынша жауаптар алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.