САЙРАМ МЕКТЕПТЕРІНДЕ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №37 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 19.08.2022 жылғы №17/1-3-3561 санды хатына сәйкес «1 қыркүйек -Білім күні» мерекесіне орай 2022 жыл 2 қыркүйек күні бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.іс-шараға халық арасында абырой, құрметке ие болған азаматтардан зейнеткер ұстаз Т.Абдушбаев және «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі Х.Убайдуллаев, мектеп әкімшілігі өкілдері қатысты.Іс-шара барысында оқушыларға адалдық,парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыру маңыздылығы түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру;

оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін — бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Ad Widget

Recommended For You