САЙРАМ: ТЫҢ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

2021-2022 оқу жылында Сайрам ауданының білім саласындағы олқылықтарды зерделей келе, балалардың денсаулығына жіті көңіл бөлу, ұлттық мектептердегі мемлекеттік тілді меңгертуді дамыту, білім сапасы төмен көрсеткішке ие мектептер санының өсуіне байланысты, жаңа оқу жылында жұмысты жандандыру қажеттілігі туындады.

Осыған орай, алдағы уақытта білім, тәрбие саласында төмендегі тың жобалар іске асырылатын болады.

1. «Салауатты Тұран балалары» әлеуметтік жобасы;

2. «Ұлттық мектептерде мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді ұсынымдары» жобасы;

3. «Жаратылыстану бағытындағы пәндерге STEM білім беруді енгізу» жобасы;

4. Математика пәнінен «100 есеп» жобасы.

Аталған жобалар бойынша 2022 жылдың 13 қыркүйегінде №5 Горький атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларына түсіндірме таныстырылым жұмыстары жүргізілді.

Ad Widget

Recommended For You