САРЫАҒАШ: АЛАШ АРЫСЫ, ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТІЛ ҒҰМЫРЫ-ҰЛТ ҒҰМЫРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!

Мерекелік шараның аясында қонақтарға арнайы ұйымдастырылған көрме ұсынылды, концерттік бағдарламада ауданымыздың өнер иелерімен бірге жас таланттар ән мен күйден шашу шашты. Мерекелік шараның шымылдығын ашқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев: Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы «Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, оның ішінде Қазақ елінде кең ауқыммен тойлануда. Біздің ауданда да Ұлт ұстазының мерейтойына қатысты 100-ден астам шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгінгі мерекелік шарамыз да толығымен Алаш ардақтысына арналуда» деп, өз құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен елімізде жүзеге асырылып жатқан тіл саясатына, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шара барысында ауданымыздың тіл жанашыларын, осы сала қызметкерлерін «Алғыс хатпен» және гүл шоқтарымен марапаттады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Ш.Ибрагимов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов тіл саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, ауданға осы салада еңбек сіңірген азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын мерекелік концертке ұласты. Аудандағы өнерлі жастармен қатар, түрлі этнос өкілдері өнер көрсетіп, қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.