
Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№69 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында 21.10.2022 жылы география,ағылшын тілі,орыс тілі,тарих пәндері мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
-Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету; Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру; Критериалды бағалау жүйесін түсініп қолдана білуін қамтамасыз ету;
-Семинарға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінен,инновация және эстетикалық пәндер әдіскері — Рсымбетова Салима ханым қатысты.
-Білім саласындағы өткізілген келелі жиынға,екіжақты ынтымақтастық пен келісім жоспарына сәйкес, Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері — Сейтов Ерлан Мухамадиярович және Тапелова Батиха Жусиповна келіп,жаңартылған білім беру мазмұны бойынша коучинг-сабақтар өтіп,өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.