САРЫАҒАШ: «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ — 2022»

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ тәрбие жұмыс жоспарының

8 — бағыты бойынша «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі — 2022» ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары құрылды.

Фестиваль «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты салтанатты жиынмен ашылып, мектеп директоры Б.Есенбеков құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып өтті. Медбикелер Р.Агилова мен Б.Байбуриевалар «Біз СӨС-ті ұстанамыз» акциясын ұйымдастырып, дәрістер оқыды.

«Өмір бойғы ұран – салауатты өмір салты!» ұранымен спорттық шаралар, эстафеталар, массалық денешынықтыру өткізді. Әр сынып лозунг, ұран, флешмоб дайындап, «Дені саудың рухы сау», «Салауатты рух» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

Фестиваль соңында спорттық іс-шарада ерекше көзге түскен сыныптар мен жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.