Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Заманауи білім беру кеңістігіндегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында әдістемелік көмек семинары өтті

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің химия және биология пәні әдіскері Қатира Кабулованың ұйымдастыруымен 2022 жылғы 11 қарашада №61 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заманауи білім беру кеңістігіндегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында әдістемелік көмек семинары өтті. Оған ауданның білім беру ұйымдарынан химия және биология пәні мұғалімдері қатысты.

Айта өтейік, семинардың мақсаты: Химия және билогия пәні мұғалімдерінің шығармашылық, инновациялық жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, білім платформаларымен жұмыс жасау алгоритмдері туралы түсінік беру.

Семинар барысында білім платформаларымен (BilimLand) жұмыс істеу тәжірибелері жанданады; функционалдық оқу сауаттылық, ақпараттық сауаттылық артады, бос уақыттарды тиімді қолдануды үйренеді; Химия және биология пәнінен білімін дамытуда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану дағдылары дамиды; ақпараттық технологияларды қолданады.

Жиын соңында ұстаздар семинардан алған әсерлері бойынша кері байланыс жасап, ұйымдастырушыларға зор алғыс айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.