САРЫАҒАШ: «Информатика сабағын өтуде оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар болып өтті.

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері С.Рсымбетова және №26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жетекшілігімен осы аталған мектепте «Информатика сабағын өтуде оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар болып өтті.

-Мақсаты: білім беру үдерісінде жаңартылған мазмұнды іске асыра отырып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруда тәжірибе алмасу.

Семинарда:

-№26 Т.Өстеміров атындағы ж.о.б.б.м. информатика пәні мұғалімі Түймебаев Барат 7-сыныпта «Файлдың мөлшері»;

-№43 Әл-Фараби атындағы ш.ж.н.о.м. информатика пәні мұғалімі Жарқынбеков Ермахан 5-сыныпта «Акпаратты цифрлау»;

-№3 Ә.Молдағұлова атындағы ж.о.б.б.м. информатика пәні мұғалімі Ізтай Ерсін 6-сыныпта «Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбында ашық сабақтар өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

-№26 Т.Өстеміров атындағы ж.о.б.б.м. модераторы Смаилова Марал пән мұғалімдеріне «Lesson study — сабақта іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында коучинг өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.