САРЫАҒАШ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында; №3 М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде; №60 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылармен кездесу өтті.

Кездесуге Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Жастар орталығының басшысы Нұрғали Отаров, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Исақ Асан, Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.

Кездесуде 2022 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған және кәмелетке толмағандармен орын алған құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жайлы сөз қозғалды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс балалардың немесе жасөспірімдердің қоғамға жат немесе заңсыз мінез-құлқын білдіреді және бүкіл әлемде күрделі мәселе болып саналады.  Оған әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторлар әсер етеді.  Кәмелетке толмағандардың бұл қылмысы балалар өздерінің әлеуметтік орталарында – байқаушы немесе құрбан ретінде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын қала шетінде айқын көрінеді.  Жасөспірімдердің бастауыш білімі, егер бар болса да, нашар болғандықтан, олар қоғамнан оқшауланып, ар-намыс пен өзін-өзі бағалау сезімінен айырылады.  Құқықтық жүйелердің көпшілігі жас қылмыскерлерді емдеудің арнайы процедураларын (мысалы, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған уақытша ұстау изоляторлары) белгілесе де, жастарды қылмыскер болудан тыюға бағытталған тәсілдер сонымен қатар теңдік пен әділеттілікті орнату, кедейшілікпен күресу және сенімді және бейбітшілік атмосферасын құру шараларын қамтуы керек. жастар арасында.  Бұл алдын алу саясаты кез келген мәжбүрлеу әрекетінен басым болуы керек.

Қылмыстылықпен күресте ең маңызды іс – оның алдын алу одан сақтандыру екені белгілі. Осыған орай, жастардың психикалық және физикалық тұрғыдан сау – саламат болуына, олардың сыртқы әлеммен өзара қарым – қатынасы барысында және кәмелетке толмағандар жасайтын қоғамға қауіпті әрекеттерге қатысты қолданылатын құқықтық нормаларды насихаттауға бағытталған арнайы бағдарламаны қабылдау аса қажет – ақ. Әрі аталмыш бағдарлама аясында біз мынандай іс – шаралардың жүзеге асырылғанын қалар едік:

  1. Жастарды кітап оқып, театрға баруға, жалпы рухани өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көз қарасын қалыптастыру;
  2. «Балаларға көмек көрсету орталығын» ашу әрі мұндай орталықтарда қамқорлықсыз қалған балаларды, жетім балаларды, ата анасы тастап кеткен балаларды, қараусыз қалған және қайыршылықпен айналысатын балаларды, әр түрлі себептермен күн көруге қаржысы жоқ балаларды жан – жақты қамқорлыққа алу және тиісті тәлім тәрбиемен қамтамасыз ету;
  3. Ұйымдастырушылық бағытында республикалық, аймақтық, облыстық және аудандық, ауданаралық жасы кәмелетке тоймағандар қылмыстылығымен күресу шараларының бағдарламалары қабылданып, оларда кәмелетке толмағандар тұлғасы ерекшеліктерін қылмыстың алдан алуда ескерілуі нақтылы түрде қаралу;
  4. Республика шеңберінде арнаулы мемлекеттік криминологиялық орталық, ғылыми зерттеу институты ашылып, оның басты бір бағыты – жасы кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу мәселелері мен идеялары болу қажет. Ол орталықтың бөлімшелері (топтары, лабораториялары) әрбір аймақ, облыстарда жұмыс жасалуы қажет. Бұл жұмысқа жастар тәрбиесіне байланысты барлық мемлекеттік мекемелердің (әсіресе, ұйымдардың, педагогикалық, психологиялық, медициналық, тағы басқа әлеуметтік (профилактикалық), субьектілердің белсене қатысуын қамтамасыз ету;
  5. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеуметтік және әлеуметтік – педагогикалық қызметтердің бөлімшелерін, яғни:
  • ювеналдық полиция;
  • ювеналдық соттар;
  • реабилитация (патронаждық) қызметтер;
  • омбудсмен (кәмелетке толмағандар құқығы жөніндегі өкілі) қызметін ашу;
  1. Бұрын сотталып, рақымшылық алған, берекесіз отбасыларынан шыққан жасөспірімдердің мамандық алып, жұмысқа араласуына жағдай жасау, олар үшін еңбекке бейімдеу орталықтарын құру;
  2. Міндетті квоталарды белгілеу жолымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу жүйесін қалыптастыру;
  3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, жастардың еңбек биржасын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтандыру мекемелердің, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын көптеп құру;
  4. Оқу орындарында психо – педагогикалық қызметтер құру, сонымен бірге олардың типтік ережелерін жасау;
  5. Балаларды қорғау мәселесі жалпы әлеуметтік қорғау проблемасынан ажыратылуы тиіс.

Сонымен ұсынылған шаралар, біздің пікірімізше кәмелетке толмағандарды құқықтық – санасын жоғарғы деңгейге көтеруге, қоғамның ұмытыла бастаған моральдық құндылықтарын қайта қалпына келтіруге, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыруға барлық мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіруге көмектеседі. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, оларды тәрбиелеу, сондай ақ ата – аналардың бала тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін жоғарылату, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау сияқты мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Қорта айтқанда, бүгінгі танда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды, әрі тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды, сонымен қоса қоршаған дүниенің заңдылығын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетіп отыруды қажет етуде. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталатын ескере отырып, жас ұрпақ мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгеніміз абзал. Жастар проблемасын асқындырмай, алдын алған мемлекетте ғана кемел келешек бар екені сөзсіз. Сондай-ақ жиын барысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.