
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Инновация және эстетикалық пәндер бойынша әдіскері С.Рсымбетова және жетекші №20 Амангелді атындағы ж.о.м. оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Омаровалардың ұйымдасыруымен №17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Көркем еңбек, бейнелеу және музыка сабақтарында инновациялық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар болып өтті.
-Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көркем еңбек, бейнелеу, музыка сабақтарында оқушылардың білім деңгейін көтеру.
-Семинарға №17 Ы.Алтынсарин ж.о.м Авганова Элмира апай көркем еңбек пәнінен «Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу»; Мырзатаев Сапарбек ағай «Мозайка панносын орындау»(ұлдарға) сабақ өтті.
-Көркем еңбек пәндерінен №20 Амангелді ж.о.м. Акбарова Бибимариям» Боялған жүннен картинка дайындау»; №20 Амангелді Құлдыбаева Рано «Қазақтың ұлттық тағамдары» және бейнелеу пәнінен Ташметова Назым «Менің үйім» тақырыбында ашық сабақтар өтті.
-№58 Марғұлан мектебінен көркем еңбек пәнінен Шыныбекова Жанар «Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары. Киіз басу(қыздарға) және музыка пәнінен Мусралиев Сакен «Күй құдіреті» ашық сабақтар өтті.
-№51 Т.Рысқұлов мектебінен көркем еңбек пәнінен Темирбекова Салима «Суретті перспективалық заңдылықтарды ескере отырып бояу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтар өз дәрежесінде өтті. Ұмытылып бара жатқан киіз басу, боялған жүндерден картинка жасауды оюмен жұмыс жасауды үйретті.