Бүгін Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы өткізілді. Акцияда Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері және жалпы білім беру мекемелерінің басшыларының демеушілігімен 4741000 теңге қаржы жиналып, мектеп жасындағы 123 балаға 30000 теңге қаржылай және 7000 теңге көлеміндегі оқу құрал жабдықтары сыйға тартылды. Акция барысында бөлім басшысының міндетін атқарушысы Даулет Анасұлы барша демеушілерге алғысын білдірді. Балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, арнайы қаржылай сыйлық пен оқу құралдарын табыстады.
Іс-шара барысында балаларға арналған концерттік қойылымдар ұйымдастырылды.
Барлық балалар демеушілерге өз ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта да акция өз жалғасын табатын болады.