
Биылғы оқу жылындағы басты жаңалығымыз — мектебіміздің материалдық базасы замануи үлгідегі физика, химия, биология кабинеттерімен толықты. Республикалық бюджеттен бөлінген 28 581 280 т. ҚР 2015ж. 4 желтоқсандағы “Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес және 19.08.2022ж. #7897270-ОК1 “Ашық конкурс” мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде “STEM Academia” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім беруші тарап ретінде анықталып, атаулы кабинеттерді пайдалануға берді. Кабинеттер толық компьютерлік техника, интерактивті панель тақтасымен, сондай-ақ заманауи көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.