
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің инновация және эстетикалық пәндер бойынша әдіскері С.Рсымбетова және жетекші №27 Шәкәрім атындағы ж.о.м. КММ м.у.қ.а. М.Тұрсынбекова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрлыбаева, С.Байгелова, жетекші мектеп модераторы Г.Жұматаевалардың ұйымдастыруымен «Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру: іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында серіктес мектептермен жұмыс жүргізу мақсатында семинар өткізілді.
-Мақсаты: Сабаққа ену арқылы мұғалімнің іс-әрекетін зерттеуді, сабақты бақылауды үйрену.
Ашық сабақтар тізбегі:
-Әдебиеттік оқу: «Менің отбасым» 2 «ә» — сынып, С.Көбеев бастауыш мектебінің пән мұғалімі Р.Баймухамедова.
-Математика: «Екі айнымалысы бар теңсіздіктер» 9 «ә»-сынып, №21 Яссауи ж.о.м. математика пәнінің мұғалімі А.Ордабекова.
-Орыс тілі мен әдебиеті: «Тип речи» 7 «б»-сынып,№67 Т.Тәжібаев ж.о.м. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Орманова.
Теориялық бөлім:
«Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру: іс-әрекетті зерттеу» коучинг.
№27 Шәкәрім атындағы ж.о.м. ІІ деңгейлі коуч Мамакова Кунсұлу
Қорытынды бөлімінде №27 Шәкәрім атындағы ж.о.м. №6 ресурстық орталық көшбасшысы М.Турсынбекова және оқу ісі орынбасары С.Байгелова оқыту мен оқу үдерісі үнемі ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді және түрлі кедергілер орын алып жатады. Сондықтан әр сабақта мұғалімнің осындай зерттеу жүргізуі мейлінше тиімді.
Әрбір жүзеге асырылған педагогикалық қадамды зерттеу, оқушыны тұлға ретінде жүйелі, сапалы түрде дамытуға бағытталады.
Қазіргі заман мектебінің стратегиялық дамуын негізге алуда білім алушыларды яғни жас ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті, алған білімін өмірде қолдана алатын ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру күтілетінін баяндай келе, шығармашыл ұстаздарға толағай табыс тіледі.
