
(«Формирование функциональной грамотности и оценивание на уроках русского языка и литературы»)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау — бүгінгі таңда білім саласында өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі.
2022 жылғы 17 қазан күні Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының» орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Бопиева Гулнара Турганбаевна бастаған 17 ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жалпы саны 70-тен астам қатысушылар келді.
Семинар бағдарламасы заманауи үлгіде жасалып, қатысушыларды тіркеу, кері байланыс жасау QR код арқылы жүргізілді. Бағдарламаға сәйкес семинардың тақырыбы аясында 6 спикер (мұғалім) тәжірибелік сабақ, 2 спикер шебер сыныптар және мектептің бірқатар мұғалімдері оқушылардың қатысуымен әдеби-музыкалық композиция дайындап, кеш мұғалімдер хорымен аяқталды.
Семинар жұмысының қорытындысында қатысушылар спикерлердің кәсіби шеберлігін, оқушылардың белсенділігін, сөйлеу мәдениетін жоғары бағалап, семинар жоғары деңгейде өтілді деген кері байланыс берілді.
