САРЫАҒАШ: Республикалық “Ақберен” байқауының облыстық кезеңі

Республикалық “Ақберен” байқауының облыстық кезеңі 28.10.2022 жылы Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №66 “Толыбай батыр “ жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.

Байқауға облыс бойынша 17 ауданнан адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты, жалпы орта білім беретін мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 147 оқушы қатысты. Оның ішінде біздің де, аудандық кезеңнен оза шауып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз қатысып, бақтарын сынады. 6 оқушымыздың — 5 оқушысы жүлделі орындармен және наминациялармен марапатталды!

“Ақберен “ облыстық кезеңінен жүлделі орындар алған оқушыларымыз:

-1. “Шешендік, білгірлік бағыты:

№37 “Б. Майлин ж.о.м. Бұлытбай Бейбіт, жүлделі -III орын, жетекшісі: Темирбаева Айсапар

-2. “Көркемсөз оқу “ бағыты:

№34 “Ш. Уәлиханов” ж.о.м. Тұрсынова Гүлжайнар, жүлделі -III орын, жетекшісі: Баубекова Жақсыгүл

-3. “Ақындар мүшәйрасы” бағыты:

№61 ж.о.м. Нұрман Ақмарал, “Сыршыл ақын“ -номинациясы, жетекшісі: Алдабергенова Перизат

-4. “Ақындар айтысы” бағытынан:

№66 “Толыбай батыр“ ж.о.м. Қонысбек Балнұр, “Сөз шебері” -номинациясы, жетекшісі: Аппазова Сауле

-5. “Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағытынан:

№5 “С.Ысмайылов” ж.о.м. Жұмағазы Қуаныш “Төкпе күйдің шебері” -номинациясымен, жетекшісі: Жусипова Гулнар

Жеңіс құтты болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.